Полицейлер ұялы телефон ұрлаған әйелді қолға түсірді
Қызылордалық полицейлер телефон ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қарашада Қызылорда қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын қаладағы сауда үйлерінің бірінде ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады.
Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.