Шиелі ауданының полицейлері қайырымдылық шараларына атсалысты
Шиелі полицейлері аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Шиелі ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып, азық-түлік жеткізіп берді.
– Қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат– халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету, – деді полиция қызметкерлері.