Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Ұлттық ұланның №6656 әскери бөлімшесінің сарбаздарына қылмыстық-атқару жүйесіне жұмысқа қабылдау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД кадр аппаратының қызметкерлері сарбаздарға ішкі істер органдары қызметіне 18 жасқа толған (35 жастан аспаған, ер балалардың бойы 170 см кем емес, қыз балалардың бойы 165 см кем емес) үміткер қабылданатынын, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде, орта басшы құрамның лауазымдары үшін – жоғары білімі бар, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес келетін, қатардағы жəне кіші басшы құрамның лауазымдары үшін – орта, орта кəсіптік білімі бар (ер балаларға, қарулы күштер қатарында қызметін өткен) азаматтар қабылданатынын атап өтті.