Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Орал қаласының учаскелік полиция инспекторларына жаңа қызметтік көлік тарту етілді

Орал қаласының учаскелік полиция инспекторларына жаңа қызметтік көлік тарту етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласының №5 учаскелік полиция пунктіне жаңа автокөлік тарту етілді. Бұл шешім ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың коллегиялық отырыста қойған тапсырмасын орындау мақсатында берілген болатын.

– Материалдық-техникалық базаны нығайту – халықпен әрдайым тығыз байланыста болатын полиция қызметкерлерінің жұмысын тиімдірек етеді. Жедел шара қолдануға жасалып жатқан жағдай – тұрғандарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады, – деді «Lada Largus» маркалы автокөлігінің кілті мен сертификатын табыстаған БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Ж.Жаншин.

Орал қаласының №5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары 20 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың орталығын қамтиды. Алдыңғы қатардағы учаскелік полиция пункті арнайы планшеттер мен бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Айта кетерлігі, мұндай жабдықтар қала бойынша барлық пункттерде бар.

– Учаскелік инспектор ретінде көп жыл қызмет атқарудамын, сондықтан біздің жұмысымызда жеделдік маңызды деп нық айта аламын. Жаңа көлік біздің нәтижелі жұмыс атқаруымыз үшін тірек болары сөзсіз, дейді аға учаскелік полиция инспекторы Д.Унайгалиев.

Орал қаласы аумағында 24 учаскелік полиция пунктінде 117 учаскелік инспектор мен көмекшілері қызмет атқаруда. Бүгінде ҚР Президентінің жолдауына сәйкес олардың мәртебесін көтеріп, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру