Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Қарағандылық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қараша күні кешкілік Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде белгісіз автокөліктің жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

49 жастағы жәбірленуші жол-көлік оқиғасы барысында алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көліктің  «Фольксваген пассат» маркалы автокөлік екенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды. Күдікті қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру