Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 22 қап балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды

Қызылордада заңсыз балық тасымалдаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында республика аумағында 12 қазаннан бастап «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Қармақшы АПБ қызметкерлерімен бірге 7 қараша күні сағат 07:30 шамасында «Шымкент-Самара» тас жолында жүк тасымалдайтын автокөлікті тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің жүк көлігіне ешбір құжатсыз 22 қап балықты тиеп алып бара жатқаны анықталды.

Бұл факт бойынша жинақталған құжаттар тиісті шара қолдану үшін Қармақшы аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру