Қостанай қаласының «102» операторлары жыл басынан бері 130 мыңға жуық қоңырау қабылдаған
Жыл басынан бері Қостанай қаласының ПБ Жедел басқару орталығының «102» нөміріне 130 мыңға жуық қоңырау түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың басынан бастап Қостанай қаласының ПБ Жедел басқару орталығының «102» операторлары азаматтардан 129 689 мың телефон қоңырауын қабылдаған, оның ішінде 35 541 немесе 27% анықтамалық сипатқа ие.
Өткен жылмен салыстырғанда анықтамалық сипатқа ие өтініштердің санының 30% – ға өсуі байқалады.
Қостанай қаласының Полиция басқармасы ЖБО бастығы Ермек Аминовтың айтуынша, тәулігіне «102» операторларына орташа есеппен 400-450 қоңырау түседі.
– Қоңыраулардың басым көпшілігі тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және басқа да қызметтердің жұмысына қатысты. Жұртшылық электр қуатын, бағдаршамдарды, су құбырларын, жолдарды жөндеу, иттерді аулау туралы немесе мекемелердің, ұйымдардың мекен-жайлары мен орналасқан жері, олардың телефон нөмірлерін сұрайды, – дейді ол.
«102» операторларының негізгі міндеті дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы хабарламаларды тәулік бойы қабылдау болып табылады.
Мұндай жағдайларда азаматтардың оператормен байланысының әр минуты маңызды. Сондықтан»102″ желісінде күтуді болдырмау мақсатында Қостанай қаласының Полиция басқармасы азаматтарға полиция органдарының құзыретіне жатпайтын мәселелер бойынша «IKomek» қызметіне «109» нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.