Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада браконьерлікпен айналысқан тұрғындардан екі дана тіркелмеген аңшы мылтығы алынды

Заңсыз аң аулаған тұрғындардан тіркелмеген екі аңшы мылтығы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада сағат 22:30 шамасында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Қазалы ауданы Бозкөл ауылының шығыс беткейінен 6 шақырым жердегі Қайықжол деп аталатын жерде жол талғамайтын автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктен тіркелмеген  екі дана аңшы мылтығы мен екі дана жарық шам, сондай-ақ екі дана қоян алынды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру