Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында есірткіге қатысты 31 құқық бұзушылық дерегі анықталды

Ел аумағында есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық «Қарасора» іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап 30 қазанына дейінгі аралықта ел аумағында «Қарасора-2020» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның басты мақсаты құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің алдын алу, героин тасымалымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою, есірткі затын заңсыз жеткізу арналарын жабу, сатушыларды ұстау, есірткінің ірі партияларын тәркілеу және есірткі контрабандасын анықтау. 

– Байзақ ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен аталған іс-шара кезеңінде 31 есірткіге қатысты құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде: бес ауыр қылмыс және 27 қылмыстық құқық бұзушылық деректерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сотқа жолданды.
Жалпы шамамен 85 келіден астам есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді. Оның ішінде 0,2 гр. «гашиш», ал қалғаны -«марихуана» есірткі заттары.
Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында күн сайын күдік тудыратын адамдарды тексеру, олармен жұмыс істеу және халыққа есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүзеге асырылып, тұрғындарға есірткінің зияны туралы жадынамалар, буклеттер таратылды, – деп хабарлады Байзақ ауданының полиция бөлімінің бастығы Досымбек Мұсаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру