Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Hyundai Accent” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде “Hyundai Accent” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 9 қараша күні сағат 22:25 шамасында “Hyundai Accent” автокөлігінің 32 жастағы әйел жүргізушісі Маресьева көшесі бойымен Пацаева көшесі жағынан Ш.Қалдаяқова көшесіне қарай келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргінші өтпесі жолағының бойында 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345 бабы 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы ПД азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және облыс жолдарындағы көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жолдарда жүріс-тұрыс мәдениетін сақтау және жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру