Қызылордада жоғалған қыз Өскеменге кетіп бара жатқан пойыздан табылды
Қызылордалық полицейлер жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірімді пойыздан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қараша күні сағат 19:00-де Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, 2005 жылы туған қызының туыстарына барып, әрі қарай туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы арызданған.
Жоғалған қызды іздестіру үшін учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен мобильді топ құрылды, сондай-ақ полицияның қосымша күштері тартылды.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 7 қараша күні кәмелетке толмаған бойжеткеннің Өскемен бағытындағы пойызда екені анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қыздың ата-анасына ескертпей, пойызбен Өскемен қаласына барып, досымен кездеспек болғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда жасөспірімнің ата-анасы қызын қайтару үшін Өскемен қаласына аттанды.