Тұратын жері жоқ ер адам Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді
Шымкентте көше кезіп жүрген азамат Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың бастамасымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды мониторингтеу және әлеуметтендіру жөнінде құрылған бастамашыл топтың мүшелері 2020 жылы 13 қараша күні сағат 12:15-те Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Жедел әрекет ету» чатына Сайрам көшесінің бойындағы «Магнум» супермаркетінің маңында белгілі бір тұрғылықты мекенжайы жоққа ұқсаған бір азаматтың жүргені туралы ақпарат келіп түсті.
Өз кезегінде Еңбекші АПБ ЖПҚБ #38 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет жасап, аталған азаматты полицияға жеткізді.
Тексеру барысында аталған азаматтың баратын жері болмауына байланысты, учаскелік полиция инспекторлары оны Шымкент қаласы Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді.