Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Спирттік ішімдік ішкен азамат ұялы телефонын ұрлатып алған

Нұр-Сұлтан қаласында спирттік ішімдіктерді бірге ішкен азамат танысының телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны пәтерде таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін ұялы телефонының ұрланғаны туралы хабарлаған.

Отырыс кезінде жәбірленуші мен танысы сөзге келіп, кикілжің туындаған, осы сәтті пайдаланған пәтерде болған үшінші азамат үстел үстінде жатқан ұялы телефонды алып, кетіп қалған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткіу барысында осы іске қатысы бар күдіктіні бірден ұстады, ол бұрын бірнеше рет мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат болып шықты.

Күдікті кінәсін мойындады және ұрланған ұялы телефонды басқа біреуге 20 мың теңгеге сатып жібергенін айтты.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Жанна :

    Полиция 👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼

  2. Нурлан :

    Жарайсындар полиция қызметкерлері

  3. Ардак :

    Спасибо сотрудникам полиции!’б

  4. Айнур :

    Молодцы, слдрудники полиции! Оперативно сработали.

  5. Шабкенова кумаргуль :

    Полиция кызметкерлери жарайсындар ! Казыр полиция кызметкерлери Жаксы жумыс жасайды , окинишке орай олардын енбектери багаланбай жатады , киналган кезде умитпен караймыз ! Маселемиз шешилгенде Рахмет айтуга умытамыз !

  6. Gulden :

    Молодцы сотрудники полиции 👍👍👍

  7. Gulden :

    Молодцы сотрудники полиции 👍👍👍 так держать

Жауап қалдыру