Атырау облысында бұрын сотталған үш азамат түзеу мекемесінің аумағына телефон лақтырған
Атырауда бұрын сотталған үш азамат заңсыз сәлемдеме жеткізбек болып, УГ-157/9 мекемесінің аумағына ұялы телефон салынған пакетті лақтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын сотталған үш азамат Атырау қаласының орталығынан ұсталды, аталған құқық бұзушылық мекеме аумағында орнатылған «Сергек» бейнебақылау камераларына жазылған.
Ұсталған азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.