Қарағандылық полицейлер Штаб басқармасының бастығын құрметті демалысқа шығарып салды
Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Штаб басқармасының бастығын құрметті демалысқа шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының Полиция департаментінде Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі Наталья Адюкинаны құрметті демалысқа шығарып салды.
Наталья Валентиновна ішкі істер органдарындағы қызметін қатардағы полицей қызметінен бастап облыстық Полиция департаменті Штаб басқармасының бастығына дейінгі лауазымға абыроймен жеткен полиция қызметкері.
– Ішкі істер органдарында үздіксіз 37 жыл қызмет атқарған Наталья Валентиновна әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқарды. Турашылдығы, қызметке адалдығы, әріптестерімен тіл табыса білуінің арқасында сала қызметкерлерінің арасында үлкен беделге қол жеткізді, – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Өз кезегінде, Наталья Адюкина әріптестеріне алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.