Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері туралы айтып берді
Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардың саны туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысында белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабы бойынша 23 600 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған жүргізушілер саны 6900-ден асқан.
Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін 7 050-ден астам жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша 5 300 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өткені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабы бойынша 2 600 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін 1 140 жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.