Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 070 дерегі анықталды
Ақтөбе облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында белгіленген қозғалыс жылдамдығы арттырғаны үшін 208 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 14 дерегі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 15 дерегі, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде басымдық бермеудің 52 дерегі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүрудің 18 дерегі анықталды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 162 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.