Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылорда облысында көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті Хорасан Ата көшесінің бойында тәртіп сақшылары күдік тудырған «ВАЗ-2106» автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті басқарып келе жатқан жергілікті тұрғын медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес алкогольдік масаң күйде болған.

Бұл факт бойынша аталған жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйіндегі адамның басқаруына беру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін тиісті хаттама толтырылып, автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданып, сот шешімімен жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынды және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру