Ұялы телефон ұрлаған адам ұсталды
Қарағандылық полицейлер ұялы телефон ұрлаған адамды «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қарашада Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұялы телефон ұрлығын ашты.
Сауда үйлерінің бірінде 39 жастағы әйел адамның сыртқы киімінің қалтасынан құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонды белгісіз біреу ұрлаған.
Жедел уәкілдер 36 жастағы күдіктіні ұстап, ол өз қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.