Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк көлігінің ұрланған аккумуляторы табылды

Қарағандыда бір ай бұрын жүк көлігінің аккумуляторын ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің үйінің ауласында тұрған “Камаз” жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

Жәбірленушіге 55 мың теңге көлемінде шығын келтірген күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.

24 қарашада “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы азаматты ұстап, одан ұрланған аккумулятор тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру