Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада флэшмоб өткізілді

Қызылордада “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдерге қатысты түрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес жыл сайын 25 қарашада басталатын “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында облыс еріктілері  “ARAY CITY MALL” сауда кешенінде “Зорлық-зомбылықсыз қоғам” атты  флэшмоб өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтың жолын кесуге дағдыландыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңнаманы ақпараттық-насихаттау болып табылады.

Акция туралы ақпараттары бар буклеттер  мен жадынамалар адамдар көп жүретін (демалыс орындарында, сауда орталықтарында, базарларда, аялдамаларда және т.б.) жерлерде таратылуда.

2020 жылдың 10 айында облыс көлемінде отбасылық-тұрмыстық  қарым-қатынастар саласында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтар бойынша 69 қылмыстық іс тіркелген. 

Әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстық әрекеттер өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 34,8 пайызға төмендеген.

Дегенмен ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды.

Орын алған қылмыстардың негізгі себептері –  ұрыс-керіс, қызғаныш, маскүнемдік, әлеуметтік жағдайдың төмендігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру