Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 13 жастағы қыз баланы ит қапқан

Павлодар облысында 13 жастағы қызды ит қапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Көшербаев көшесіндегі үйдің ауласында орын алған. Анасының айтуы бойынша, қызы әпкесімен бірге сноуборд теуіп, дүкенге барған. Жеке үйлердің бірінің ауласынан ит босап шығып, қыздардың артынан қуып, біреуінің сол қолын тістеп алған. 13 жастағы қыз бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Бұл факт бойынша иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде айыппұл салынды.

– Жыл басынан бері Павлодар облысында үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 423 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қағидаларға сәйкес жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың шығып кетуін болдырмайтын жеке ауланың шекарасында ұстауы керек, ауланың кіреберісінде ит бар екендігі туралы ескерту тақтайшасы болуы тиіс. Сондай-ақ тәртіп сақшылары үй жануарларын аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі және мектеп аумақтарында, емдеу-профилактикалық және медициналық мекемелердің аумақтарында, скверлерде, стадиондарда және басқа да қоғамдық орындарда серуендетуге тыйым салынғанын ескертеді. Иттердің міндетті түрде тұмылдырық пен қарғыбауы болуы тиіс, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шәкәрғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру