Маңғыстау облысының ПД бастығы онлайн форматта азаматтарды қабылдады
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы мен қалалық, аудандық ПБ бастықтары «ZOOM» интернет платформасы арқылы азаматтарды онлайн форматта қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаевқа түрлі санаттағы сауалдары бар азаматтар жүгінді.
Көптеген сұрақтар қылмыстық істер мен әкімшілік материалдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қызметке қайта қабылдау мәселелеріне қатысты болды.
Қабылдауға жазылған барлық азаматтарға білікті жауаптар берілді.