Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының ПД бастығы онлайн форматта азаматтарды қабылдады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы мен қалалық, аудандық ПБ бастықтары “ZOOM” интернет платформасы арқылы азаматтарды онлайн форматта қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаевқа түрлі санаттағы сауалдары бар азаматтар жүгінді.

Көптеген сұрақтар қылмыстық істер мен әкімшілік материалдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қызметке қайта қабылдау мәселелеріне қатысты болды.

Қабылдауға жазылған барлық азаматтарға білікті жауаптар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру