Такси жолаушысынан есірткі тәркіленді
Түркістан облысының полицейлері такси жолаушысынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданының ПБ патрульдік полиция инспекторлары рейдтік іс-шаралар өткізу барысында күдік тудырған автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру кезінде автокөлік салонынан бір дана аңшы мылтығы мен көлікте отырған жолаушының қалтасынан пакетке оралған хош иісті өсімдік тектес зат алынды.
Сараптама қорытындыларына сәйкес тәркіленген заттың салмағы үш грамм кептірілген марихуана екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтағаны, сатқаны және өсіргені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.