Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жазасын өтеушілер музейде болып қайтты

Ақтөбеде қоныс колониясында жазасын өтеушілер Тұңғыш Президент күнінде музейге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/3 мекемесі Тұңғыш Президент күнінде мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандарды музейге апарды.

Аталған іс-шара Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті, облыстық мәдениет және өнер мекемелерімен 2020 жылға арналған «Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелерінде 2020 жылы өткізілетін кешенді іс-шаралар» жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

– Көрменің негізгі мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін сотталған азаматтарға кеңінен таныстыру.
Жалпы, Елбасы туралы фотокөрме арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтанышпен қараймыз. Қазақстанның тәуелсіздігі мен Елбасы ажырамас түсініктер екені сөзсіз. Тәуелсіздіктің ең алғашқы күрделі жылдарында Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен жауапкершілікті арқалап, Қазақстанның әлемдік деңгейде танылған мемлекеттердің қатарына қосылуына үлкен үлесін қосты. Сондықтан да, барлық қазақстандықтар үшін Н.Назарбаев Отан мен оның мүддесіне қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады, – дейді КА-168/3 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы Нұржан Калиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру