Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекеме қызметкерлерінің арасында шаңғы тебуден жарыс өтті

Ақтөбеде түзеу мекемесінің қызметкерлері Тұңғыш Президент күнінде шаңғымен сайысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті күні мерекесіне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 мекемесінің қызметкерлері арасында шаңғы тебуден жарыс өтті.

Жарыстың әділ өтуіне кәсіби тұрғыда баға беру үшін іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Қанат Макатов, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы Қалам Абдуалиев және сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Тулегенов қатысты.

– Іс-шараның мақсаты – ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыра отырып, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайту болып табылады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы Қанат Абилхайров.

Спорттық жарыстың қорытындысымен, 1-орынды сотталғандар арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие бөлімінің жасақ бастығы Саламат Елеуов жеңіп алса, 2-орынды режим бөлімінің тексеру тобының бақылаушысы Жандос Бактыгереев иеленді. Ал 3-орынды сотталғандар арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие бөлімінің жасақ бастығы Нұрсұлтан Ерсарин қанжығасына байлады.

Ойын жеңімпаздары кубокпен және түрме басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру