Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметі мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады

Ақтөбеде Темір аудандық пробация қызметі мүмкіндігі шектеулі баланың арманын орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі аудандық жастар саясаты және дін істері орталығы, сондай- ақ, «Шапағат» және «Ниет» еріктілерімен бірлесіп, Темір аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматша Ж. Б.- ның ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі ұлы Жанруға тосын сый жасап, балақайдың арманындағы сәйгүлікті сыйға тартты. Қайырымдылық іс-шарасына Темір аудандық пробация қызметінде есепте тұрған үш сотталған-еріктілер де атсалысты.

– Пробация қызметі есепте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан көмек беріп қана қоймай, сотталғандардың әлеуметтік жағдайларын да жиі бақылап, қолдан келгенше көмек береді. Осы ретте Темір аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталған азаматша Ж.-ның Жанру есімді ерекше баласының жылқы малын жақсы көріп, оған міну арманы болып жүргенін естіп, балақайдың бала арманын орындап, оның жүзіне қуаныш сыйлауды жөн көрдік.
Жалпы, аталған іс-шара жүрек жылуына мұқтаж балақайды қуантумен қатар, биылғы еріктілер жылы аясында сотталған азаматтарды өзгеге жақсылық жасауға шақыру. Оларды қоғамға бейімдеуде пайдасы бар, – дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Ренат Жұмабаев.

Кішкентай балақай тосын сыйды көргенде, қуаныштан жүзі бал-бұл жайнады. Ал, Жанрудың анасы болса, баласының арманын орындап, жүрегіне жылу сыйлаған қайырымдылық шарасының ұйымдастырушыларына алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру