Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақшаны талан-таражға салу фактісі анықталды

Павлодарда жеке кәсіпкердің ақшасын заңсыз иемденген сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде бутиктің иесі болып табылатын жеке кәсіпкер түгендеу кезінде ақшаның жетіспейтінін анықтаған.

Тексеру барысында жедел уәкілдер бутиктің сатушысының 8500 теңге ақшаны заңсыз иемденгенін анықтады.

Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап етудің 34 фактісі тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру