Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғыны көршісінің көлігінің бір дөңгелегін шешіп алған

Қызылорда облысының Шиелі ауданында бұрын сотты болған азамат жергілікті тұрғынның көлігінің бір дөңгелегін заңсыз шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық полиция бөліміне Шиелі ауданы РУ-6 елдімекенінің 37 жастағы тұрғыны хабарласып, 2020 жылдың желтоқсан айының 5-інен 6-сына қараған түні үйінің алдында тұрған жеңіл автокөлігінің алдыңғы оң жақ дөңгелегін белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданған.

Келтірілген шығын 20 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары аталған қылмысты жасаған бұрын сотты болған Шиелі кентінің тұрғынын ұстады, одан ұрланған дөңгелек алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру