Учаскелік полиция инспекторы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын ашты
Қызылордада учаскелік полиция инспекторы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында басты рөл құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын учаскелік полиция инспекторларына берілген.
Халықпен күнделікті тікелей байланыста жүретін учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық мәселелер, отбасылық кикілжіңдер, аймағында орын алған құқық бұзушылықтардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мысалы, 7 желтоқсан күні Төретам кентінде дүкеннің кассасынан күнделікті саудадан түскен қомақты қаржы ұрланған. Кент тұрғынынан түскен арыз бойынша сол аймақтың учаскелік полиция инспекторы Оңталап Маралұлы дереу іске кіріскен.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдікті қолға түсті. 33 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.