Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ірі көлемдегі ақша қаражаты иесіне қайтарылды

Көлік полицейлері жолаушылардың жалпы сомасы 6 млн. теңгеден асатын, абайсызда жоғалтқан ақшалай қаражатын тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсанда Қ.Нұралы деген азамат “Алматы–Нұр-Сұлтан” бағытымен ұшу үшін Алматы қаласының әуежайында тексеруден өткен. Оның сырт киімінің ішкі қалтасында 740 000 теңге және 1 600 АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты болған.

Қ.Нұралы ақшасының жоғалғанын әуе кемесінің бортына отырғанда бір-ақ білген. Елорда әуежайына ұшып келген соң, ол бірден Нұр-сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне ірі көлемдегі ақшасының жоғалғаны туралы шағымданған. ЖПБ қызметкерлері жоғалған ақша туралы дереу Алматы қаласындағы әріптестеріне хабарлаған.

Алматы қаласы әуежайындағы көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, нәтижесінде ұшу алдындағы тексеру пунктінің жанынан түсіп қалған ақшаны тауып, ақша заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде елорда тұрғыны Қ.Нұралы жоғалған ақшасын өзіне қайтарған полицейлерге алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 27 қарашасы мен 2 желтоқсанында көлік полицейлері Ресей Федерациясының азаматы М.Сухомлиновке және Жулановтар отбасына жоғалған құжаттары мен бес млн. теңгеден астам ақша қаражатын тауып, қайтарған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру