Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицей мамандығын мақтан тұтады

Қызылорда облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтің алғы шебінде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер саласында адал қызмет етіп, жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген сақшылар аз емес. Олар күндіз-түні халықтың тыныштығын күзетіп, абыройлы қызмет атқаруда. Халықтың қорғаны болып жүрген осындай полиция қызметкерлерінің бірі – Нұрлыбек Кенжебеков. Нұрлыбек ішкі істер органдарында алты жылдан бері қызмет атқарады.

Жыл басынан бері Нұрлыбек жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 301 әкімшілік хаттама ресімдеген. Бұдан басқа елгезек полицей қиындыққа ұшыраған кез келген адамға қол ұшын созуға даяр.

Қыстың күні қырауда жол үстінде автокөлігі бұзылып, аяғы ауыр келіншегімен жолда қалған қала тұрғынына көмектескен Нұрлыбектің әрбір күні хикаяға толы. Сол күні перзентханаға жүкті әйелді дер кезінде жеткізіп, сәбиін қолына алған ата-ананың қуанышында шек болмай, жас жұбайлар Нұрлыбекке алғысын жаудырған.

– Мен үшін халықтың жылы лебізінен артық баға жоқ. Қандай-да бір қиын жағдайға душар болған адамға ең алдымен полиция қызметкерлері көмекке келеді. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Әрбір жанның өмірде өз бағыты, бағындырар биігі болады. Биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық. Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Полицейлер халықтың мүддесін биік қоя жүріп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндеті санайды, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру