Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас адам біреудің көлігін заңсыз айдап әкеткен

Қарағандылық полицейлер мас күйінде біреудің көлігін айдап әкеткен азматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсанда Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 56 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің  көлікке техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде қалдырылған көлігін айдап әкеткені туралы арызданды.

Келтірілген шығын 2 млн теңгені құрады.

Біраз уақыттан соң патрульдік полиция жасағы аталған автомашинаны Құрылысшылар даңғылында ұстады. Полицейлер көлікті тізгіндеген 41 жастағы азаматтың мас екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру