Қайырымдылық акциясы өткізілді
Қызылорда облысының Полиция департаменті Жалағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қиналған адамға қол ұшын созып, қайырымдылық жасау – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қазіргі таңда халық арасында қиналғанға демеу көрсетіп, жанына медеу болатын азаматтар қатары артып келеді.
Мұндай шаралардан полиция қызметкерлері де тыс қалмақ емес. Қайырымдылық акциясы барысында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық білім бөлімінің Жалағаш психологиялық-педогогикалық түзеу мекемесінде оңалту сабақтарына қатысатын балалардың отбасыларына азық-түлік пен шаруашылық заттарын табыс етті.
Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық шараларына атсалысатын болады.