Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау облысының Полиция департаментінде марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Департамент басшылығы, ардагерлер және жеке құрам қатысты. Ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаев жиналғандарды Тәуелсіздіктің 29 жылдығымен құттықтады.

«16 желтоқсан – еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі, өйткені дәл осы күні, 1991 жылы біздің республикамыз әлемдік алаңда өз ұстанымын нық бекемдеп, бірлік пен өркендеудің символына айналып, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Бұл күн біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалғанын білдіретін қасиетті күн», — деп атап өтті Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты бірқатар қызметкерлер көтермеленді.
Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті Грамоталарымен, грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Сегіз қызметкерге алғыс жарияланды.

– Ішкі істер органдарындағы қызмет әрқашан өзгелер үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын, мотивациясы мықты, жүректі және адамгершілік қасиеттері жоғары адамдардың жұмысы болды және болып қала береді. Оның дәлелі – сіздер көрсеткен кәсіби шеберлік пен жанкештілік. Сіздерді тағы да мерекемен құттықтаймын. Әрқайсыңызға денсаулық және жұмыста сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті Жанарбек Төлеубекұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру