Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бас көлік полицейі «Айбын» орденімен марапатталды

Бүгін Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев Көліктегі Полиция департаментінің бастығы О.Бекеевке II дәрежелі «Айбын» орденін табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ  І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін медальдарымен марапатталды.

Олардың арасында Көліктегі Полиция департаментінің бастығы  Оңал Бекеевте бар. Оңал Ботайұлы Бекеев  II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Оңал Ботайұлы Бекеев ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы ҚР ІІМ қарасты МКҚД үкіметтік мекемелерді және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі милиция полкінің инспекторы лауазымынан бастаған.

Ол 2019 жылдың қазан айынан бері Көліктегі Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарып келеді.

Қазіргі таңда О.Бекеев басшылық ететін Көліктегі ПД еліміздің әуе және теміржол нысандарындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Аталған нысандар халықтың көп шоғырланатын орындары. Сондықтан көлік полицейлерінің қызметі қашан да зор маңызға ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру