Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен қаласының ҚАЖД қызметкерлері көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Өскемен қаласы ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері қаладағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген індетке байланысты Өскемен қаласында жұмыстар тоқтап, бірнеше отбасыға оңайға түскен жоқ.

Осы тұрғыда ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері қаладағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беруді ұмытпады.

Қаланың тыныштығына жауап беріп отырған мекеме қызметкерлері мен РММ «Еңбек-Өскемен» ұйымы азық-түлік пен әлемдік дерттен сақтану мақсатында маска сынды тұрмысқа қажетті заттарды Семей шаһарының тұрғыны, көпбалалы ана Айнұр Семизбаеваға сыйлады. Сонымен қатар балаларға мекеменің арнайы контингентінің өз қолдарымен жасаған ойыншықтары табысталып, еліміздің болашақ жастарын бір қуантып қайтты.

Жәрдемге ие болған батыр ана мекеме басшылығына және жеке құрам қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа бар жағынан жанашыр болу біздің басты парызымыз екендігін ұмытпаймыз. Осы тұста барша жерлестерімізді аянбай көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуға шақырамыз, – деді мекеме бастығы Р.Жумажанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру