Жамбылдық полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі
11-13 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің үш күні ішінде облыс бойынша іздеуде жүрген төрт адам ұсталды, бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүрудің және сақтаудың сегіз дерегі анықталды:
– тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың екі дерегі;
– жалпы салмағы 2,5 келі есірткі заттарын сақтаудың төрт дерегі;
– жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді алып жүрудің бір дерегі және суық қаруды алып жүрудің бір дерегі.
– 13 желтоқсанда әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Сүлейманов көшесінде патрульдік жасақпен Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштағы спорттық сөмкеден ТОЗ-120 маркалы 12 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қару табылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (Ұңғысыз атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу амалдары жалғасуда, қарудың қылмыс жасауға қатыстылығын анықтауға баллистикалық сараптама тағайындалды», – деп атап көрсетті ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.
«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1 921 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты 48 құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, ұсақ бұзақылық үшін – 211 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 92 адам ЦВАиД-ға орналастырылды және 19 адам қабылдау–тарату орнына қамалды; қарсы жолаққа шығу – бес; қауіпсіздік белдігі тағылмаған көлік құралын басқару – 263; жаяу жүргіншілерге жолда артықшылық бермеу – 74; жаяу жүргіншілердің жүру қағидаларын бұзудың 342 дерегі анықталды .