Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2,5 миллион теңгені ұрлап кеткен оралдық полицияға жеткізілді

Ақтөбеде 24 жастағы қыздың сөмкесіндегі 2,5 миллион теңгені ұрлап кеткен жігіт ұсталып, қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында сағат 15.55 шамасында «102» телефон арқылы 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі кафелердің бірінде белгісіз біреу 24 жастағы қала тұрғынының үстел үстінде жатқан сөмкесіндегі ақшасын ашық түрде ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Келген патрульдік полиция нарядтарына жәбірленуші рюкзакта 4.100 АҚШ доллары, 824 мың теңге сомасында ақша болғандығын хабарлады. Жалпы шығын 2,5 миллион теңгені құрады.

Қабылданған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, күдікті қылмыс жасалғаннан кейін БҚО, Орал қаласына кетіп қалған. Жедел түрде көрші облысқа жедел уәкілдер шығып, Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факті ҚР ҚК 191-баптың 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру