Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары – бейбітшілік қорғаны

Тәжік-Ауған шекара аумағына “ҚАЗБАТ” бітімгершілік батальонының құрамында әскери міндетін өтеген Ербол Кенжегарин  Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы болып қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ербол Төлегенұлы Ішкі істер органдарында 2002 жылдан бастап қызмет етеді. Ол 18 жылдан бері  Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің саптық бөлімшелерінде қызмет атқарып келеді.

Қазіргі таңда ол әкімшілік практика бөлімінде жол-көлік оқиғалары бойынша материалдармен айналысады.

Ол 1999 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне борышын өтеуге аттанып, Тәжік-Ауған шекара аумағына “ҚАЗБАТ” бітімгершілік батальонының құрамындағы жеке шоғырланған атқыштар батальонының қатарына қабылданып, ТМД елдерінің сыртқы шекарасын Ресей Федерациясы Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп қорғау бойынша әскери борышын өтеген. Шекара қорғау бойынша мінсіз қызметі үшін бірнеше рет марапаттарға ие болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру