Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары заңсыз пиротехника сату деректерін анықтауда

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері заңсыз пиротехника бұйымдарын сату деректерін анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда аумағында 15 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында заңсыз айналымдағы сертификатталмаған пиротехникалық заттарды тәркілеуге бағытталған “Пиротехника-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс органдарымен бірлесіп, пиротехниканы жаппай сату орындарында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Аталған іс-шара пиротехникалық заттар мен сертификатталмаған өнімдерді заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алуға бағытталған.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың ашық павильондарда, автомобильдерде, шатырларда, өтпелерде сатуына қатаң тыйым салынғаны  туралы ескертеді.

Сондай-ақ полицейлер мұндай фактілер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру