Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына барды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Ермек Искаков қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларына барып, әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Ермек Искаков қызметтік міндеттерін орындау барысында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың ата-анасымен кездесті. 

Талғаттың анасы әлі күнге дейін форма киген жас полицейлерді көргенде небәрі 25 жасында қаза тапқан өзінің ұлының бейнесі бірден көз алдына келетіндігін айтты.

Ол қарулы қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тауып, басқа адамдардың өмірін сақтап қалды. Бала кезінен өте ақылды, адал болып өскен Талғат әрқашан әлсіздерді қорғады. Ол үшін ар-намыс, парыз және батылдық ұғымы жай сөз емес еді.

Полицейлер оның ата-анасына алғыс хат пен сыйлықтарын табыс етті.

Талғаттың ата-анасы Есентай аға мен Шынар апа қайтыс болған ұлының әріптестерінің ыстық ықыласы мен қамқорлығына ризашылығын білдіріп, қызметте табыс тіледі.

Басқарма басшысы бастаған бір топ қызметкер жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған Роллан Шағырбайдың отбасына да барды. Анасы Кулайхан Кусайновамен болған әңгімеде полицейлер оған батыл ұл тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтты. Ол әрқашан әріптестерінің  жадында адал, батыл, жауапты әріптес, мейірімді және жанашыр дос ретінде қалғанын атап өтті.

Полицейлер оның анасына  алғыс хат пен сыйлықтарын табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру