Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды
2020 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінен сотталған бес әйел босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оларды мекеме қақпасының алдында туысқандары күтіп алды, жазасын өтеп шыққан әйелдердің қуаныштарында шек болмады, оларды ата-аналары, жолдастары отбасыларына оралуларымен құттықтап, болашаққа нық сеніммен аяқ басуларын тіледі.
Сонымен қатар «Жетіағаш» қоғамдық қорының қызметкерлері түзеу мекемесінен босаған бір азаматшаны өздерінің оңалту орталығына орналастыру, жұмыспен қамту, медициналық көмек көрсету және де қоғамдық өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойындарына алды.