Сотталған азаматшаларды қоғамға бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінде сотталған әйелдерді қоғамға қайта бейімдеу бойынша жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінде (әйелдер колониясы) Алматы облысы Іле ауданы бойынша пробация қызметкерлері пенитенциарлық пробация есебінде тұрған сотталғандармен тәрбиелік мәні бар сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларды бостандықтағы өмірге дайындау бойынша жұмыстар өткізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламалары жасалып, ҚР Қылмыстық-атқару кодексiнің 166-169 баптарының талаптары түсіндірілді.