Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

От шашудың қауіптілігі түсіндірілді

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап республикалық «Пиротехника» іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шара аясында Түркістан облысы аумағындағы полицейлер рейдтік жұмыстарды күшейтті. Адам өміріне қауіпті саналатын от шашуларды болдырмау үшін Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері аудан аумағындағы сауда орындарын аралап, арнайы сақтандыру нұсқаулығы бар жаднамаларды таратуда. Оған қоса оның зардабы мен құқық бұзушылық жасағандарға заң аясында көрілетін шаралар жіті түсіндірілді. 

Себебі Жаңа жыл жақындаған сайын мерекелік отшашулардың саудасы қызып, пиротехникалардың көбі заңсыз сатылады. Ал оның салдарынан абайсызда денсаулықтарына зақым келтіретін қарапайым адамдар қатары көбейеді.

Тағы да айта кететін жайт қауіпті індеттің әлі де таралып жатқанына байланысты басқосулар мен той-жиындар, адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар мен мерекені атап өту үшін адамдарды жинап іс-шара жасауға, ұйымдастыруға тыйым салынады.

Ескертеміз, «Пиротехника» профилактикалық іс-шарасы қаңтар айының 10-жұлдызына дейін жалғаспақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру