Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Патрульдік полиция қызметкерлеріне сабақ өткізілді

Қостанай облысының ПД-де патрульдік полицияның жеке құрамымен құқықтық және психологиялық дайындық бойынша арнайы сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Патрульдік полиция қызметкерлері көшелердегі тәртіпті қамтамасыз етеді, құқық тәртібін бұзуға дер кезінде және жедел ден қояды. Қазіргідей қиын уақытта полиция қызметкерлері алдыңғы қатарда және тәулік бойы қызмет етеді. Коронавируспен күреске қосқан үлесі үшін 25 полиция қызметкері мемлекеттік награда – «Халық алғысы» медаліне ие болды. Бұл жұмысты жалғастыру және қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру қажет, – деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Сабақ барысында облыстық ПД Арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері дағдарыс жағдайларындағы полицейлердің мінез-құлқы туралы айтып берді.

– Күн сайын полиция қызметкерлерімен тренингтер өткізіледі, онда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде қалай әрекет ету керектігі түсіндіріледі, – деді облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Әсет Құлмағанбетов.

Полиция қызметкерлерінің психологиялық даярлығы өте маңызды. Сондықтан полицейлерге «Қиын өмірлік жағдайлардан шығу жолдары» тақырыбында Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясының оқытушысы Шолпан Қабжанова дәріс оқыды.

– Полиция қызметкерлері ерекше жағдайларға жиі тап болады, мысалы, бүгінгі практикалық дәріс депрессияға ұшыраған адамдарға құқықтық көмек пен қолдау көрсету мәселелеріне арналды, – дейді  Ш.Қабжанова.

Полиция департаментінде ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру