Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кездесуге келген қыз телефонынан айырылған

Нұр-Сұлтан қаласында ер адам кездесуге келген қыздың ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ұялы телефонының ұрланғаны туралы елорда тұрғыны жүгінген.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол әлеуметтік желілер арқылы ер адаммен танысқан. Хат алмасқаннан кейін олар елордалық қонақ үйлердің бірінде кездеспекші болып келіскен. Қонақ үйде қыздың ұйықтап қалған сәтін күткен ер адам оның құны 70 мың теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Аталған азамат ұсталды. Ол 38 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Ер адам қылмысын мойындады. Телефон иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД азаматтарға қырағылық танытуды, бейтаныс адамдарға сене бермеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру