Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ғашық болып қалған ер адам сүйіктісінен жапа шекті

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 54 жастағы азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті танысуға арналған мобильді қосымша арқылы ер адаммен танысқан, онымен қонақ үйде кездесетін күнді белгілеген.

Олар қонақ үйдің бөлмесінде бірге спирттік ішімдік ішкен. Алкоголь тұтынған ер адамның ұйықтап қалғанын ұтымды пайдаланған  азаматша оның телефонындағы банк қосымшасы арқылы өзінің шотына жәбірленушінің 115 мың теңгесін аударып алып, қонақ үйден кетіп қалған.

Ақшасының жоғалғанын білген ер адам полицияға жүгінді. Сақшылар ұстаған күдікті қылмысын мойындап, жәбірленушіге ұрланған ақшасын қайтарып берді.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Әйел адамның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру