Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Панфилов ауданындағы көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Полицейлер Панфилов ауданындағы көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданы полиция бөлімінің Патрульдік полиция қызметкерлері мереке қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған көп балалы жалғыз басты анаға көмір жеткізіп, кішкене бүлдіршіндеріне жаңа жылдық тәттілер сыйлады. Айта кететін жайт, Панфилов ауданының полиция бөлімі аптасына бір рет игі шара ұйымдастыру бастамасын қолға алған.

– Осынау аязды күндері қыстық отынсыз қалған отбасыға мерекелік көңіл-күй, балалардың жүзіне күлкі сыйлай алғанымызға өте қуаныштымыз. Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік көңіл-күйді барынша көп бүлдіршін сезінсе дейміз, – дейді Панфилов АПБ бастығының міндетін атқарушы Жандос Кавлиев.

Тәртіп сақшыларының қолынан сыйлық алған бүлдіршіндер мен олардың анасы аудандық полиция басшылығына шын жүректен алғысын жеткізіп, қызметтеріне табыс, отбасыларына бақыт тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру